“Менің сүйікті кітабым”
Темірғали Исабаев атындағы МЖШО бар орта мектепте оқушыларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу, кітапханаға оқырман тарту мақсатында “Менің сүйікті кітабым” атты кездесу өтті. Кездесу барысында 7 сынып оқушылары оқыған әдеби кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға сала отырып, оқыған кітаптары туралы түсінік беріп өтті.